Жеңімпаздар марапатталды!
А. ж. 28 сәуірінде «Қажымұқан» спорт залында 14 сәуір күні өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогына шағын-футболдан турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Спорттық жарысқа жұмыс істейтін жастар арасынан 6 команда қатысты: ҚХАА, «Айбын», «Централка», «Самрұқ», УССО (Ақмола облысының Ішкі істер басқармасы) және «Жанғыру жолы» жастар қозғалысы.
Турнирді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Санги-Кабу» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» , «Ақмола облысының орыс қауымы», «Бари» армян мәдени орталығы», Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырды.
Марапаттау рәсімі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаеваның құттықтау сөзімен басталды.
Бұл турнир салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жұмыс істейтін жастарды спортпен айналысуға тартуға ықпал етеді, сонымен қатар олардың ортақ қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы біріктіреді.
Бірінші орын, бас кубок пен алтын медальдер «Самрұқ» командасына, екінші және күміс медальдер үшін кубок – «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының командасына, ал құрметті үшінші орын және қола – ҚХАА командасына бұйырды. Сонымен қатар, турнир қорытындысы бойынша үздік қақпашы Д. Досмағамбетов, үздік ойыншы И. Чаниев, үздік бомбардир Д. Бейсембаев, үздік шабуылшы К. Қуанышбек және үздік қорғаушы Н. Тасыбаев мадақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, үздік сейв – Д. Жантасовқа және турнирдің үздік голы үшін Ғ. Қанат кубоктар иеленді.
Бір сөзбен айтқанда, ешкім де ескерусіз және марапаттарсыз қалмады. Жүлделі орын алмаған командалар естелік дипломдармен марапатталды.
Бұл турнир жастарға қолдау көрсететін жаңа идеяларға бастау береді деп үміттенеміз. Еліміздің болашағы-жас ұрпақтың қолында!