Медиация кеңесінің қорытынды отырысы
2022 жылғы 2 желтоқсан күні онлайн және офлайн форматта ҚХАА жанындағы Медиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Медиация кеңесі мүшелерінің жұмысын қорытындылау, 2023 жылға арналған жоспарға ұсыныстар енгізу мақсатында бұл іс-шараға ҚХАА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Ақмола облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері, кәсіби медиаторлар, судьялар қатысты.
Отырыс барысында даулар мен жанжалдардағы балама ретінде медиация туралы халықты ақпараттандырудың әдістері мен құралдары, өңірлерде медиация институтын дамыту мәселелері талқыланды.