«АЛЖИР» кешеніне экскурсия
А. ж. 28 мамырында «Қоғамдық келісім» КММ Ақмола облысының полиция қызметкерлері және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының курсанттары үшін «АЛЖИР» мұражай кешені бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар Отанға опасыздық жасады деп айыпталған белгілі тұлғалардың жұбайлары, Ақмола лагерінің тұтқындарының қайғылы тағдырларымен танысты.
Бұл қайғылы орын, дәл осы жерде бұрынғы кеңес одағының барлық бұрышынан 1937-1939 жылдар аралығында ешбір кінәсіз қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер мен балаларды еске алуға арналған мәлімет жиналған. Бұл жерде тағдыр тәлкегіне ұшыраған 18 мың адам туралы естеліктер бар.
Экскурсияға қатысушылар онлайн-форматта «АЛЖИРдің» ескерткіш объектілеріне – сотталғандарды қорқынышты жағдайларда елдің барлық бұрышынан алып келетін, тұтқындардың өздері «теплушки» деп атаған «Сталиндік вагондарды», тірілер мен өлілер әлемінің өзіндік символы болып табылатын «Қайғы қақпасы» монументін, күзетшілер мен тұтқындардың мүсіндері және лагерьдің толық тарихын ашатын мұражайдың басқа да залдарын, сондай-ақ адам санасын сол уақыттың тұрмысы мен өзіндік атмосферасына енгізетін лагерлік барактарды көре алды.
Өздерінің табандылық пен ерлікке толы рухтарының арқасында, лагердегі қатаң тәртіп пен қиындықтарға шыдап шыққан әйел жанының асқақтығы «халықтар көсемінің» озбырлығын абыроймен көтеріп, біздерге биік адамгершілік рух пен ерліктің үлгісін ту етіп қалдырған. Өздерінің атақты жұбайларының артынан халық жауы ретінде АЛЖИРге жіберілген – әртістер, ғалымдар, дәрігерлер, жазушылар, ақындардың елге есімдері белгілі жарларының фотосуреттері мен тағдыр жолдары ешбір жанды бейжай қалдырған жоқ.
Экскурсия барысында тыңдаушылар алдында Ақмола облысы поляктар бірлестігінің құрметті мүшесі П. С. Трищ сөз сөйлеп, поляктарды депортациялау тарихы туралы айтып, Қазақстан халқына арналған өзінің өлеңдерін оқыды.