«Арыс балаларына»
Республикалық акция аясында 2019 жылғы 28 маусым күні «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі «Арыс балаларына» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Оның барысында Арыс қ. көп балалы аналары үшін жылу жинау ұйымдастырылды.
Облыстық акцияда Ақмола облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Ю. Тохаева қатысып, былай деп атап өтті: «Осы күні бүкіл ел Түркістан облысы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созуда. Біздің осы қазақстандық мінезіміз көмекке мұқтаж жандармен бірге болу, оларды жалғыз қалдырмау. Ақмола ассамблеясы көмекке шақырғанда шет қалмады. Мұқтаждарды қолдау үшін қайырымдылық акциялары өтті. Қаражат, сондай-ақ аяқ-киім, киім-кешек, азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі тауарлар жиналды». Сонымен қатар көмектесуге бірінші болып үн қосқандар есімін, оның ішінде Сауэр И.А. – Целиноград ауданы «Родина» агрофирмасы» ЖШС-і, Пак В. Ю-Д. – Көкшетау қ. Гуманитарлық-техникалық академия, Магламян Н.А. – «Бари» армян мәдени орталығы, Джахуташвили Ш.Г. – Шортанды ауданы «Новокубанка» ЖШС-і, Мащинская Е.И. – чуваш этномәдени орталығы, Медетова Т.У. – өзбек ұлттық мәдени орталығы, Сабельфельд В.К. – Ақкөл ауданы «Агромашхолдинг» АҚ, Евлоев Б.Т. – Астбасар ауданы жеке кәсіпкер, Шихалиев Н.А. – Ақмола облысының әзірбайжандар қауымдастығы, Шоназаров У.Ф. – тәжік этномәдени орталығы, «Оспанов» ЖК, «Дарбаев» ЖК және басқаларын атады.
«Бүгінгі акция – Арыс балалары үшін мейірімді істің бір бөлшегі. Біздің жүрек жылуы мен көмектесу ниетіміз қиын өмір жағдайына тап болған барша адамға күш пен сенім береді деп сенеміз», – деп аяқтады өз сөзін М.Ю. Тохаева.
Аналар кеңесінің төрайымы және мүшелері З.Е. Қиықова, А.С. Жазиева, У.К. Иментаева, Б.Т. Біләлова, Е.М. Тарасова, Р.В. Дегояндар Қазақстан халқы және Ақмола облысының тұрғындарына үйді, бала бақшаларды қалпына келтіру, Арыс балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесуге шақырды.
Көкшетау қ. № 6 «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушілері өз қолдарымен Арыс қ. балалары үшін бұйымдар жасап, түрлі-түсті суреттер салыпты.
Осыған ұқсас акциялар Степногор қ., Целиноград және Зеренді аудандарының Достық үйлерінде өткізілді.
Акция нәтижесінде гуманитарлық пакеттер және Арыс қ. балаларына тілектер айтылған акция қатысушыларының бейне арқылы жүгінуі дайындалды.