Депутаттыққа үміткермен кездесу
А.ж. 5 қаңтарында «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Н. Г. Дементьева Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті.
Наталья Григорьевна еңбек жолын Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады, 2016 жылдан бері аталмыш білім ордасының директоры болып табылады. Ол мемлекеттік тілді белсенді насихаттаушы, оның оқушылары 15 жыл бойы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білуге арналған түрлі байқаулардыңбірнеше мәрте жүлдегерлері болып келеді.
Өз сөзінде үміткер депутаттық қызметтің басым бағыттары саналатын – қоғамдық келісімді нығайту, мемлекеттік тілді қазақстандық қоғамды топтастырудың маңызды факторы ретінде насихаттау, республикада тұратын барлық этностардың тілдерін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға жәрдемдесу, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту сұрақтарына тоқталды.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Н.Г. Дементьеваны Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына үміткер ретінде ұсынылуын бірауыздан қолдап, сондай-ақ оған жастардың, ауыл еңбеккерлерінің өзекті мәселелерін шешуге заңнамалық деңгейде назар аудару тілектерін білдірді.