«Инклюзивті ата-аналар» конференциясы өтті
а.ж. 5 сәуір күні «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Инклюзивті ата-аналар» қауымдастығы бүкіләлемдік аутизм мәселесін ақпараттандыру күніне орай облыстық конференция өткізді. Конференцияны ұйымдастырушы: Аналар кеңесінің мүшесі, «AUTISM KAZAKHSTAN» Ұлттық қауымдастығының мүшесі, «Инклюзивті ата-аналар» қоғамдастығының негізін қалаушы Қасымова М.М. Конференцияға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев М.У., Ақмола облысы бойынша инклюзивті білім беруді дамытудың облыстық ресурстық орталығының үйлестірушісі, педагог-дефектолог Жанғали І.Ә., «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог мұғалімі Алхатова Т.С., Көкшетау қаласының білім бөлімінің инклюзивті білім беру әдіскері Жайлауова Г. У., «КППК №10» КММ психолог-дефектолог Завгоруль Г.В., «№4 ЖОББ мектеп» КММ директоры Хасенова М. Б. және аутизмі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналар, мамандар және мектеп оқытушылары қатысты. Конференциядан кейін «Арт-терапия – үй жағдайында аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен жұмыс істеу әдісі», «Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың өзін-өзі танудағы танымдық ойындарының рөлі» атты ата-аналарға арналған мастер-класс өткізілді.