Балалар мерекесі
1 маусым Балаларды қорғау күні «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар балалар емделіп жатқан Көкшетау қаласының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.
Балаларды мерекемен мекеме басшысының орынбасары Раисов А. М. және Ақмола облысы Аналар кеңесінің төрайымы Рақымжанова К.С. құттықтады.
Бұл күні Достық үйі тарапынан 32 бала – жұмсақ ойыншықтар, тәттілер, кеңсе тауарлары сынды сыйлықтар алды.