Этномәдени бірлестігінің қайырымдылық акциясы
Ағымдағы жылдың 23 наурызында «Қайырымды Ұлт» республикалық қайырымдылық акциясы аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын «Шаңырақ» пансионатына барды.
Қатысушыларды көктемгі мерекемен «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ төрағасы Р.С.Сулькарнаев құттықтады. «Галиябану» көркемдік ұжымы «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалының солисі Кулыгина Татьянаның орындауында қазақ, татар, орыс және украин әндері шырқалып, татар балалар ансамблі көпшілікті халық билерімен қуантты. Жиналған қауым әртістердің әр өнерін жылы қарсы алып, олармен бірге таныс әуендерді шырқады.
Қатысушыларды көктемгі «Наурыз» мерекесімен «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ төрағасы Р. С. Сулькарнаев құттықтады.