«Стоп насилию! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы
2022 жылғы 2 желтоқсан күні «Стоп насилию! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында Көкшетау қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ұйымдастырушылар: облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы.
Іс-шараның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қою, дағдарыс орталықтарының қызметі, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру.
«Қоғамдық келісім» КММ мен «Шанс» КТӘПҚҚО арасында жасалған бірлескен меморандум аясында іс-шараға Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Тталдау және мониторинг бөлімінің бас сарапшысы – Айман Мусина қатысты, ол отбасылық тұрмыстық даулар мен жанжалдардағы медиация тақырыбын толық ашты.