Рухани келісім күніне орай
16 қазан күні «Қоғамдық келісім» КММ Рухани келісім күніне арналған «Руханият – бейбітшілік пен келісімге бастар жол» атты кітап көрмесі өтті. Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында әртүрлі ұлттар мен діндердің адамдарына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.
Көрмеге қатысушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы әдебиеттермен танысты. Ақмола облысында тұратын этностардың тарихы, олардың өмірі мен қызметі туралы иллюстрацияланған кітаптар, журналдар келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды.
М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен облыстық Достық үйінің қызметкерлері оқушы жастарға толеранттылық, әр түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет – егеменді мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі екендігін, Қазақстан халқының бірлігін нығайту идеясын жеткізуге тырысты. Іс-шара соңында қатысушылар Достық үйі бойынша шағын экскурсия жасап, ғимаратта орналасқан этномәдени бірлестіктердің кабинеттерімен танысты.