“Ассамблея жастары” жұмыс жоспарын талқылады
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында “Қоғамдық келісім” КММ-де Ақмола облысындағы “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің отырысы өтті.
Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, “Қоғамдық келісім”КММ мамандары қатысты.
Достық үйі басшысының орынбасары А. М. Раисов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа жастар ұйымының мүшелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар флагмандық жобаларын іске асыру жолында табыс тіледі.
Жиынға қатысушыларға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенті, облыстық ұйымның төрағасы Вебер Владислав “Ассамблея жастары” РҚБ қызметінің алты бағыты туралы айты, өзара толқылады.
Талқылау барысында қатысушылар тәжірибе алмасты. Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледж студенті Зарина Қабидуллова өзінің оқу орнында жүзеге асырып жатқан “Томирис “рухани-патриоттық әйелдер клубы” жобасы туралы айтып берді.
Отырыста”Ассамблея жастары” төраға орынбасары болып А. Мырзахметов университетінің студенті Ескенов Әлихан сайланды.