Дөңгелек үстел отырысы өтті
А.ж. 17 ақпан күні «Қоғамдық келісім» КММ қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты дөңгелек үлтел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық топтың, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының, облыстық ассамблеяның мүшелері, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясының «Мәншүк» қыздар клубының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа өткен ғасырдың ортасынан бастап ширек ғасыр бойы қазақ елін басқарған көрнекті тұлғаны жан-жақты таныту болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары – Раисов А.М., ҚХАА мүшесі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы – Жанәділов Б.С., Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесінің, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Төлеғұл Ғ.Т., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сырттай-қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚХАА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ төрағасы – Өтегенов М.З. сөз сөйлеп, Д. Қонаевтың өмірі, қайраткерлік, іскерлік қыры, қызметі, қазақ елінің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани, қоғамдық өміріне қосқан үлесі туралы қызықты және танымды мәліметпен бөлісті.