Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының отырысы
Бүгін Достық үйінде Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының отырысы өтті, онда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтқан негізгі тезистер мен идеологемалар талқыланды.
Күн тәртібі этностарды жалпыұлттық құндылықтарды дамытуда шоғырландырудың түрлі мәселелерін қамтыды.
Кездесу барысында қатысушылар бірлікті нығайту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру, мәдениет саласын қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша одан әрі жұмыс жоспарын талқылады.