Облыстық Достық үйінде дәрістер өтті
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Бірыңғай күн аясында республиканың барлық облыс орталықтарында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы рөлі» тақырыбында дәрістер өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау процесінде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары төңірегінде халықты шоғырландыру, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан жаңа әділ Қазақстан идеясын іске асыруға азаматтарды тарту.
ҚХА-ның осы жобасы аясында Ақмола облыстық Достық үйіне Солтүстік Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келіп, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің медиация, мемлекеттік тілді дамыту, “Ассамблея жастары” жастар қозғалысы, оқушы жастарды тәрбиелеу және білім беру саласында оң нәтижелерге қол жеткізген қызметі туралы айтып берді.
Дәріске қатысушыларды Ақмола облысынің Ішкі саясат басқармасының жанындағы “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Ермек Нұғманов құттықтау сөзбен қарсы алды.
Баяндамашылардың сөздері слайдтармен сүйемелденді. Кездесу барысында тараптар әрбір азаматтың жаңа Қазақстан идеясын іске асыруға қатысуы, өңірлік ассамблеялар активтерінің елді реформалауға қатысуы туралы мүдделі әңгімеге келді.
Іс-шараның форматы пікір алмасуды, пікірталасты қамтыды. Қонақтар да, тыңдаушылар да бір-біріне сұрақтар қойып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, ҚХА қоғамдық құрылымдары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Дәріс жұмысына ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық медиаторлар, “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері, оқушылар және студент жастар қатысты.
Қонақтар қолданбалы өнер шеберлері одағы мен ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған көрмеге қатысып, Достық үйіне экскурсия жасады.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының бес адамнан тұратын дәріскерлер тобы Петропавл қаласына дәл осындай дәріс өткізу үшін барды.