Біздің чемпион!
22–25 тамыз аралығында Алматы қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 15 елінен 200-ден аса балуан қатысты.
Жасөспірімдер арасында (16-17 жас) 80 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы көшбасшысының бірі Адам Яндиевке бұйырды.
Бұл Қазақстандағы осындай деңгейдегі алғашқы іс-шара екенін атап өткіміз келеді. Сондықтан да біздің жастар өкілінің бірі чемпион атанғанына және Адам шаршы алаңды Қазақстан Республикасының Туымен айналып өткенде ерекше мақтаныш сезімі бойымызды кернейді.
Жас чемпионға спортта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!