Сабантой халық мейрамы
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Бұқпа тауының етегінде орналасқан «Динамо» СК аумағы таңертеңнен бері адамға толы болды. Жағалай жатқан тоғайдың мекен етушілері көптеген дауыстан, музыканың біртүрлі дыбысынан, қуанышты сәлемдесуден оянды. Осы күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі жыл сайынғы Сабантой мейрамын тойлап жатты.
Мерекелік концерттік бағдарламаға Татарстаннан келген қонақтар, «Достар» Мәдениет сарайының ұжымдары, Петропавл қаласының «Ляйсан» жастар ансамблі қатысты. Жалпы мереке өте жақсы өтті. Әркім атақты чак-чак тәттісінен дәм татты.
Сабантой – еңбек, денсаулық, күш пен алғырлық мейрамы. Оның өзіндік салты, жөн-жоралғысы бар. Сабантой кезіндегі көпшілік серуен түрлі спорттық сайысты, сан алуан ән мен биді қамтиды.
Сол күнгі шаттық арнасынан асып жатты. «Ғалиябану» халықтық вокал ансамблі орындауындағы жалынды әндерден ешкім шетте қалмады. Татар-башқұрт орталығы және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің би ұжымдары сыйлаған көңіл-күй әрқайсысына беріліп жатты.
Татарша көреште сайысып жатқандарды көтеріңкі дауыспен қолдап жатты. Жеңімпаз атанған Константин Штефановқа облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасынан басты сый ноутбук берілді. Сонымен бірге оған диплом табысталып, тігілген қойды алып кетті.
Әрбір қатысушы мерекеде өзіне жақын іспен айналыса алды. Қол күресу, гір көтеру спортында сайысып, ең жанкештілері төбеден ұнаған сыйлықты алу үшін биік бағанаға өрмелеп шығып жатты. Кішкентайларға арналған сайыстар да болды.