Менің елімнің мемлекеттік рәміздері
Ағымдағы жылдың 3 маусымы күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысы «Менің елімнің мемлекеттік рәміздері» атты патриоттық акцияны өткізді. Акция «РИО» сауда-саттық және ойын-сауық орталығында өтіп, елімізде 4 маусымда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылды.
Акцияның мақсаты – өз елін мақтан тұтып, патриотизм сезімін ояту, мемлекеттік рәміздер бойынша білімдерін арттыру.
Біздің қала тұрғындары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жақсы білетінін айту қажет. Жүргізушілердің сұрағына үлкені де, кішісі де жауап берді. Мемлекеттік рәміздерді білетінін көрсете алғандар кішігірім кәдесый алды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының қыз-жігіттері өздерінің шығармашылық дарынын толық көрсетті. Сахнада патриоттық әндер орындалып, жүргізушілер залды өз күш-қуатымен толтырды.
Акцияның соңында сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпараттық парақшалар таратылды.