Көкшетау қаласының құрметті тұрғындары мен меймандары!
1 мамыр күнгі сағат 12.00-де «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан халқы Бірлігі күнін атап өту аясында «Бір шаңырақ астында» достық фестивалі өткізіледі.
Фестиваль шеңберінде Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Мөлдір Әуелбекованың, Нұржан Керменбаевтың, «Райым мен Артур» дуэтінің, «Назар аудар» КВН командасының, этномәдени бірлестіктердің, «Көкшетау» МҮ көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның қатысуымен концерттік бағдарлама, «Менің Қазақстаным» балалар суреттерінің конкурсы, сәнді халықтық-қолданбалы шығармашылық шеберлерінің көрмесі, қала саябағында «Арбат достығы», жастардың флешмобы, өңірде тұратын этностардың салт-дәстүрлерінің көрсетілімі, ұлттық спорт түрлерінен спорт жарыстары, қала ұйымдары мен кәсіпорындарының жәрмеңке-саудасы жоспарлануда.