Наурыз өз достарын жинауда!
А.ж. 17 наурыз күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің қазақ тілі сыныбы өз достарын – оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды – Достық үйіне, жарқын әрі көңілді мереке, табиғаттың жаңаруын, Жаңа жылдың келгенін білдіретін – Наурыз мейрамына шақырды.
Наурыз мейрамын көңілді қарсы алу ежелден қалыптасқан, іс-шара көңілді, қызықты және танымды болды. Оқушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, Наурыз туралы, оны тойлаумен байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтып, өлеңдер оқыды, әндер айтты. Балалар викториналарға қатысып, осы мерекеге арналған наурыз-көженің дайындалу тәртібін құрастырды, түрлі ұлттық ойындарда өз күштерін сынап көрді. Жаңа өмірдің бастамасы саналатын, тұсау кесу сынды өте қызықты көрініс ұсынылды. Бұл салттың мәні, кішкентай сәбиге жарқын болашақ, ұзақ ғұмыр мен сәттілік тілеу нышаны саналады.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларды мерекелік ашық дастархан күтіп тұрды. Ал жүргізушілер болса: «Бұл мереке өңірде тұратын барлық этностардың достығын одан әрі нығайтуға ықпал етеді», – деген қорытындыға келді.