«Ақмола облысының орыс қауымының» орындауындағы «Жаңа жылдық қарбалас»!
(«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ театралды студиясы балаларға арнап жаңа жылдық қойылым тұсаукесерін өткізді )
Көкшетау қаласының қонақжай Достық үйінде өткен «Жаңа жылдық қарбалас» атты театрландырылған көріністі балалар мен олардың ата-аналары тамашалап, жақсы әсер мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Іс-шараны «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ жанындағы «Орбита» театралды студиясы ұйымдастырды.
Бір-бірін қуып ойнаудан тыным таппайтын гномдар, жаңа жылдық кештің шырқын бұзуға тырысатын Мыстан Кемпір, – жалбыр Орман перісі және бұзақы бұлбұл – бұл студияның жас әртістері осы көрініс барысында ойнап шыққан қиял ғажайып әлем кейіпкерлері. Жаңа жылдық мерекенің дәстүріне сәйкес бұл кешке де мейірімді Аяз ата мен оның немересі Ақшақар қатысты. Көрермендер залында отырған балалар сахна төріне қызықты байқауларға қатысу және Аяз атадан сыйлық алуға қуана көтерілді.
«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко жиналған жұртты келіп жеткен 2019 жаңа жылмен, Рождество мерекесімен құттықтап көкшетаулық Қопа көлінде өтетін «Дәстүрші шомылу рәсіміне» қатысуға шақырды. Александр Александровичтің айтуынша, көлдің қалалық бөлігіндегі жағалау аймағында Көкшетау және Ақмолалық Серапион діни қызметкерінің мерекеге және салтанатты тазалануға арналған салқын суға түсу шұңқыры жасалады, ал М. Архангелдің ғибадатханасында салтанатты қызмет рәсімі өтеді.
«Орбита» театралды студиясының жетекшісі Лилия Ягяева өз сөзінде, тұсаукесері өткен жаңа жылдық қойылым, бұл тек қана 2018 жылдың қорытынды іс-шарасы емес, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер, мүмкіндігі шектеулі балалар, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері үшін қаңтардың қытымыр күндерінде жаңа жылдық ғажайып көңіл-күй әсерін ұзағырақ ету ісі болып саналатынын атап өтті.