Армян этномәдени орталығы «Бірлігіміз әралуандықта» фестивалін өткізді.
Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған. Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады.
Бүгін ҚХА «Ел бірлігі» жобасы аясында армян этномәдени орталығы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп «Бірлігіміз әралуандықта» фестивалін өткізді.
Іс-шара басталар алдында фойеде тақырыптық кітап көрмесі дайындалып, армян халқының музыкалық аспаптары мен тұрмыстық заттарымен көрермендер танысты.
Қазақстан жерінде жылдар бойы түрлі этностардың бірге тату тұруы айрықша қазақстандық менталитетті қалыптастырғанын айта отырып, фестиваль қатысушыларына Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының м. а. С.М.Кенжебаев құттықтау сөз арнап, «Бари» орталығының белсенді мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Алматы қаласының «Наири» армян би ансамблінің, сондай-ақ Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Қорытынды сөзінде «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Арминэ Тороян бірлігіміз бекем, болашағымыз нұрлы екенін айтты.