«Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры»
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚХА-ның XXXIII сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсету бойынша маңызды рөл атқарғанын атап өткен болатын.
Қазіргі уақытта Ақмола обысында су тасқыны салдарын жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық құрылымдар мен меценаттар тарапынан белсенді көмек көрсетілуде.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚҚ су тасқынан зардап шеккен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді қолға алып, бүгін Қазақстан Республикасы бойынша бірінші отбасыға тұрғын үй кілтін табыстау рәсімі өтті.
Шарада «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚҚ басшысы Мирзоев Рафик Ягуб оглы және ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының инспекторы Күлжан Мұхтар Төлегенұлы Жарқайың ауданының тұрғындары Қабиденовтар отбасына тұрғын үй кілтін табыстады.
Ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары Дархан және Ксения Қабиденовтар интернационалды отбасы, екі бала тәрбиелеп отыр (3 және 1 жас). Отбасында балаларға қазақ халқының да, орыс халқының да салт-дәстүрлері сіңіріледі.