Шортанды ауданына іс-сапар
Бүгін, Шортанды ауданында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының іс-сапары барысында, Дамса ауылдық округ әкімдігінде жергілікті аудан тұрғындарымен, аудан қоғамымен және жастармен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Г.Сабирова қатысушыларға этносаралық қатынастар, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жеткізді.
«Жастар Ассамблеясы» Ақмола облысы РҚБ өкілдігінің мүшесі Р.Борисовский жалпыұлттық бірлікті нығайту және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмысы туралы айтып берді.
Осы кездесуге Шортанды ауданы прокурорының орынбасары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, әкімдік және ІСБ қызметкерлері қатысты.
Кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.