«Ұлттық тәрбиесі – ұлт болашағы»

Зеренді ауданында Әкелер күніне орай «Ұлттық тәрбиесі – ұлт болашағы» атты аудандық Әкелер форумы өтті. Форумды ұйымдастырушылар: Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы, Зеренді ауданы «Әкелер Одағының» төрағасы, Зеренді ауданы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сәндібек Нұршәріпұлы және Зеренді ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлім Ескеева.
Аталған іс-шараға Ақмола Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнұр Жахина, Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Әміржанқызы қатысып, өз баяндамаларын оқыды.
Жалпы, «Аналар күні» мен «Әкелер күнін» мерекелеу әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту мақсатында қалыптасқан.
Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әкені ардақтау – әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.