КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ

Табиғаттың тосын мінез көрсетуі нәтижесінде Ақмола облысында кейбір елді мекендерде, оның ішінде Көкшетау қаласы да бар, су тасқыны орын алды.
Осы орайда, қиын жағдайға душар болған жерлестерімізге қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін Ақмола ассамблеясының Достық үйінде көмек қабылдау пункті ұйымдастырылған.
Екі күн ішінде пунктке 1,6 млн тг. астам сомачына жылы киім, төсек-орын жабдықтары мен тұрмыстық химия әкелінді. Зардап шеккен 33 отбасына көмек көрсетілді, 12 төсек-орын жиынтығы, киім-кешек, шаруашылық тауарлар мен азық-түлік әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырған су тасқынынан зардап шеккендерге берілді.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері осы игі істің басы қасында жүр. Қабылдау пунктінде кезекшілік ұйымдастырылып, заттарды қабылдап, сұрыптау жасап, мұқтаж адамдардың қажеттілігіне қарай тарату жұмыстарын атқаруда.