Ақпараттық-түсіндіру тобы Степногорск қаласына іс-сапарымен барды
Этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру, этносаралық шиеленістер мен жанжалдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру тобы Степногорск қаласына іс-сапарымен барды.
Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Ә.Қ. Раев этносаралық қатынастарды, жанжалдарды алдын алу туралы айтылды. ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы М.З. Өтегенов қоғамдық келісімді нығайтуға, жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар бойынша түсініп берді. ҚХАА-ның мүшесі А.С.Гетманов қатысушылардың назарын ҚХАА жүргізіп жатқан жұмыстың маңыздылығына аударды.
Содан кейін, «Мақсат» колледжінің, Степногорск қаласының тау-кен техникалық және жоғары колледждерінің студенттерімен кездесу өтті. Степногорск қ. Жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Р.Қ.Абылхасим жастар саясатың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабарлады.
Ә.Қ. Раев студенттерге ҚХАА, Медиация кеңесінің қызметі туралы айтып, этносаралық қатынастар туралы жанжалдарды болдырмау тұрғысында алдын алу жұмысарын жүргізу уралы әңгіме өткізді, тематикалық бейнематериалдарды көрсетті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде мониторинг туралы және сепаратизмге шақыру, этносаралық алаусыздықты тұтандыру туралы Интернетте деструктивтік көріністер бар екенінің айтқан. Жастарды осы прецеденттерден сақ болуға шақырды. Этникалық түс беруге және даулар, жанжал жағдайлары туындаған кездегі негіздерге жол бермеу туралы түсініктеме берді. Одан басқа қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 және 180 баптары бойынша жаупкершілік түсіндірілді.
Іс-шара соңында туындалған сұрақтарға жауап беріп, өмір мен оқуда сәтілік тіледі.