Көкшетауда татар халқының көрнекті ұлы Мұса Жалилді еске алу күні өтті
Батырдың туған күнінде ескерткішіне гүл шоқтары қоюдан басталған митинг қаламыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Әлиевтің, Ақмола ҚХА мүшелері, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ басшысы М. Қойшиннің және «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ төрағасы Р. Сулькарнаевтың және бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтті.
Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері батыр ақынның өлеңдеріне «Жизнь моя песней звучала в народе, смерть моя песней борьбы прозвучит» атты әдеби композиция оқыды.