Достық үйі қонақтарды қарсы алады

3 маусымда «Ақмола облысының Орыс қауымы» ҚБ шақыруымен Достық үйіне Сандықтау селосында орналасқан қиын жағдайда қалған балаларды қолдау облыстық орталығы мекемесінің балалары келді.

Бағдарлама «Қоғамдық келісім» КММ маманы Айғаным Асқарова жүргізген экскурсиядан басталды. Этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралаған балалар, өздері қойған қөп сұрақтардың жауабына қанық болды.

Конференц-залда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбы бойынша викторина өткізілді. Дөңгелек үстелде балалар өздерін шынымен ересектердей сезініп, отырысты диалог алаңына айналдырды. Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктері туралы айтып, жоспарлары мен армандарымен бөлісті.

Кездесу соңында қонақтар «Ақмола облысының Орыс қауымы» ҚБ-нен балалар кітаптарын сыйлық ретінде және Достық Үйінен естелік сыйлықтар алды, сондай-ақ шақырғаны үшін алғыс білдірді.

Балалардың қуанышты жүздерінен бұл іс-шара оларға көптеген ұмытылмас әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлағаны анық байқалып тұрды.