Оқушылар – Достық үйінде

26 сәуірде Достық үйінде «Бірлігіміз-сан алуандықта» жобасы аясында Көкшетау қаласының №14 мектебінің оқушылары үшін кездесу өтті.

 

Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері А.Асқарова оқушыларды Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметімен таныстырып, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының кабинеттеріне экскурсия өткізді.

 

Кездесу соңында келушілерге Ассамблеяның жұмысы туралы фильм көрсетілді.