Менің жанымның музыкасы

20 сәуірде Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы орыс ән ансамблінің әншісі Нина Иванованың «Менің жанымның музыкасы» атты шығармашылық кеші өтті.

Әншіні «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б. Нұғманов құттықтап, оған алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, Ақмола ҚХА төрағасының орынбасары А.А. Артеменко, АРСК Ақмола филиалының төрағасы – Осиненко Г. В.  және ансамбльдегі әріптестері салтанатты кештің иесіне алғыс сөздерін арнады.

Нина Павловнаның және ансамбльдің орындауында көрермендердің көптен бері сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Зал әр әнді ыстық ықыласпен қарсы алды.