Достық үйінде «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының қалалық байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 06 сәуірінде Достық үйінде өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өнер ұжымдары арасында «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығының қалалық байқауы музыка мен бидің нағыз мерекесіне айналды.
Байқау шымылдығын биыл 310 жылдығы аталатын Абылай ханның өміріне арналған пролог ашты. «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ұлы билеушінің Қазақ мемлекетін басқару кезеңінен жарқын көрініс көрсетті.
Осы іс-шара барысында қазылар алқасы мен көрермендердің назарына 30-ға жуық музыкалық нөмір ұсынылды, олардың әрқайсысы жылы қарсы алынып, байқауға қатысушылардың талантының жан-жақтылығын көрсетті.
Байқау бағдарламасында халық әндері шырқалды, әсем де отты билер орындалды. Биылғы жылы аға буын әртістерімен қатар көптеген жас қатысушылар болғанын атап өткен жөн.