Журналистер клубының отырысы

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы журналистер клубының отырысы өтті.

Күн тәртібін талқылау барысында қатысушылар клуб жұмысын сапалы жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді, келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Клубтың алдына қазақстандықтардың рухани – адамгершілік құндылықтары мен жалпыұлттық мұраттарын насихаттайтын және қоғамдық санада бекітетін оң ақпараттық өнімдер шығаруға жәрдемдесу, этностар өкілдерінің біртұтас қоғамға интеграциялануына ықпал ететін, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру жолымен қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған мазмұнды жарияланымдар, телешоулар шығуын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Іс-шараға ААНК хатшылығының меңгерушісі Н.Т.Әбдірахманов қатысып, сөз сөйледі.