Достық үйіне саяхат
2023 жылдың 3 ақпанда «Бірлігіміз саналуанжылықта» жобасын жүзеге асыру аясында облыстық Достық үйіне Көкшетау қаласының №16 мектеп оқушылары келді. Олар үшін этномәдени бірлестіктердің кабинеттері бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Ақмола облысында тұратын түрлі этностардың тұрмысымен, мәдениетімен және әдет-ғұрыптарымен танысты.
Тыңдаушыларға «Қоғамдық келісім» КММ-нің қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту, Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі ресурстық орталық ретіндегі қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.