Вице-министрмен кездесу
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Дархан Рамазанұлы Қадыровтың Көкшетау қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті.
Данияр Рамазанұлы аудиториямен ашық әңгімелесу үшін сұрақ-жауап форматын ұсынды. Алдымен ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметі туралы қысқаша баяндады, содан кейін тұрғындардың сұрақтарына жауап бере бастады. Тұрғындар вице-министр үшін әртүрлі және күтпеген сұрақтар қойды.
Сұрақтардың ауқымы кең болды – Қазақстан Республикасы Президентінің реформаларын іске асыру, білім беру, жастарды жұмысқа орналастыру және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, жаңа сын-тегеуріндер жағдайында БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің қызметі, мемлекеттік тілді дамыту, еріктілерді қолдау, медиация кеңестерінің қызметін қаржыландыру. Сұрақтардың сипаты бойынша адамдардың көкейкесті мәселелерін айтқанын аңғаруға болады – шетелден әкелінген автокөлікті заңдастыру, медициналық қызмет көрсету, жеке кәсіпкерлікті дамыту, зейнеткерлікке шығу бойынша ардагерлер медалін алу және т. б.
Кейбір сұрақтар вице-министрдің құзыретіне кірмегенімен, ол оларға жауап беруге тырысты, ал басқаларын тиісті құзіретті министрліктерге беруге уәде берді.
Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Тараптар елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қызметі, мемлекеттік ақпараттық және жастар саясатын іске асыру туралы ашық әңгімелесті.
Сол күні Д. Р.Қадыров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренова қатысты.