Министрмен кездесу
Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні «Қоғамдық келісім» КММ-де қала жұртшылығының Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсеновамен кездесуі өтті. Тамара Қасымқызы осы министрлік әзірлеген «Әлеуметтік кодекс» жобасымен таныстырды.
Министрді Көкшетаудағы «Асыл аналар» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анаргүл Мұхамедрахимова берген бірлестіктің қызметі туралы ақпараты қызықтырды. Министр қоғамдық бірлестік мүшелерімен әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, содан кейін көп балалы аналардың қолынан шыққан бұйымдар көрмесін тамашалады.