Біздің жастар Ұлытау облысында

«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының белсенді мүшелері Роот Карина, Борисовский Роман, Басова Кристина, Малькова-Солопова Алена, Сансызбай Қанатбектен  құрылған  Ақмола облысының делегациясы Ұлытау облысына  ҚХА-ның «Бір ел»   тарихи-ағартушылық жастар жобасына қатысу үшін барды.

Жобаны іске асыру Қазақстан жастарының білім беру, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жоба аясында Ұлытау облысының тарихи орындары бойынша көшпелі экспедиция, пікірталас алаңдарын, шеберлік-сабақтар мен тренингтер өткізу, Қазақстан этностарының музыкалық фестивалін және мемлекеттік тілде көңілді және тапқырлар клубын (КТК) ұйымдастыру көзделген. Үш күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа нысандары мен әдістерін меңгереді, шешендік өнерге,  жастар қозғалысының көшбасшысы болуға үйрінді.

   Осындай іс-шаралар арқылы ұйымдастырушылар жастарды    туған    жерге деген сүйіспеншілікке баулуға, олардың      қазақ     мемлекеттілігі мен    тарихи-мәдени мұрасының тарихын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға, жастар арасында Қазақстан халқының рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттауды көздейді.