Шын жүректен тағзым және сүйіспеншілікпен

      Биылғы жылы “Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” (ОСКҚ) Ақмола филиалы ұйымдастырған концерттер толық көрермендер залын жинайды. ОСКҚ қарттар айлығы аясында өткізген «От всей души с поклоном и любовью» концерттік бағдарламасы да байқаусыз қалған жоқ. “Қоғамдық     келісім” КММ мәжіліс залы барлық тілек білдірушілерді қабылдай алмады, ұйымдастырушыларға қосымша орындықтар қоюға тура келді.

     Қоғамдық бірлестіктің көрінісін әр ұлттың дарынды адамдарын жинаған, Қазақстан халқының әндерін әр түрлі тілдерде қуана-қуана орындайтын көркемөнер ұжымы белгілейді. Шығармашылық ұжым жеті жыл бойы жұмыс істейді және көркемдік жетекшісі Ираида Пермякованың басшылығымен өз қатарын жаңа солистермен толықтырып келеді. Ал, осы белсенді, шығармашыл адамдардың барлығын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ОСКҚ облыстық филиалының басшысы Геннадий Осиненко өз қарамағының астына жинады, оның келуімен қоғамдық бірлестік екінші тыныс алды.

      ОСКҚ ұжымы республиканың мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған облыстық ассамблеяның барлық іс-шараларына белсенді қатысады.

     Осы кеште көркемөнерпаз әртістер тыңдаушыларды өздерінің әр қойылымымен сүйемелдейтін ерекше әнімен, көркі мен шабытымен қуантты. Көрермендер тек орындалған әнді тыңдап қана қоймай, әр концерттік номердегі табиғи әртістік қабілетті де тамашалады. Көрермендер әртістерге мерекелік концерт үшін алғыс білдіріп, ұзақ қол шапалақтады, концерт барысында қарт адамдар өздерінің жастық шақтарының әндерін аздап еске алды.

     Сол күні қарт адамдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда  Г.В.Осиненко белсенділерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.