Облыстық Аналар кеңесіне оң баға берілді
6-7 қазанда Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес отырысы бес тақырыптық сессияда өтті: «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»; «Ұлттық тәрбие – мемлекеттілік негізі»; «Қауіпті келеңсіздіктер – болашаққа зиян»; «Ұлт болашағы – саналы ұрпақ»; «Тәрбие жұмысы және белсенді қоғам» жобаларының тұжырымдамасын жүзеге асыру.
Сессияларды талқылау барысында рухани-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері, тұлғаны қалыптастырудағы аға ұрпақтың рөлі, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, отбасы мен ұрпақтар арасындағы тиімді қарым-қатынас мәселелері қарастырылды.
Форумға «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы А.Б. Жанбатырова, Ақмола облысының Аналар кеңесінің төрайымы А.С.Жазиева, Ақмола облысының Әкелер кеңесінің төрағасы Е.Ж.Закирьянов, Облыстық Достық үйі жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығының мүшесі К.Е. Роот құрамында Ақмола облысының делегациясы қатысты.
Айнагүл Жазиеваның ақпаратын тыңдармандар үлкен қызығушылықпен қабылдады. Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы З.И.Шанаи облыстық Аналар кеңесінің жұмысына жоғары баға беріп, Катерина Рооттың мемлекеттік тілдегі мазмұнды баяндамасы тыңдармандардың қошеметіне бөлендірді.
Республикалық Аналар кеңесінің жұмысына ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов қатысып, сөз сөйледі.