Оқушылармен кездесу

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Отаным-тағдырым» жобасын іске асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері №17 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Алдымен тыңдаушыларға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы бейнефильм көрсетілді.

Одан кейін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттары және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, тілдерді дамыту, аймақта тұратын этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

«Ассамблея жастары» ҚХАА жастар бірлестігінің кураторы Әйгерім Айдарбекова бірлестік қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, оқушыларды оның қатарына қосылуға шақырды.

ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева кеңестің қызметі, болашақ аналарға би, ән, сәндік-қолданбалы өнерді үйрететін «Мәншүк» қыздар клубы туралы ақпаратпен бөлісті.