Экологиялық акция өткізді
Президент Қ.К. Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға дейін бүкіл ел бойынша 2 миллиард ағаш отырғызу туралы бастама көтерді. Оның бастамасына Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсетті.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында ҚХАА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының басшылары, Ақмола облысының «Ассамблея жастары» жастар бірлестігінің мүшелері экологиялық акцияға шығып, Достық үйінің аумағында 30 ағаш көшетін отырғызды.
Биылғы жылы ағаш отырғызу ісі өз жалғасын тауып, Достық үйінің жанында қала тұрғындарының мәдени демалуына, серуендеуіне және кездесуге арналған «Халық достығы» саябағы пайда болады.