Дөңгелек үстелде талқыланды
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нариман Әбдірахманов этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.
Оған қатысушылар этномәдени бірлестіктерді аккредиттеу, этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жандандыру мәселелерін талқылады.
Одан әрі тараптар этномәдени бірлестіктердің Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілетін іс-шаралар легіне тоқталып кетті.
ҚХА хатшылығы этномәдени бірлестіктертің активімен осындай кездесулер жиі ұйымдастыралатынын мәлімдеді.