«Ақан Сері» мәдениет колледжінің студенттерімен кездесу

А.ж. 8 сәуірінде «ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» жобасын жүзеге асыру аясында этномәдени және жастар бірлестіктерінің басшылары «Ақан Сері» мәдениет колледжінің студенттерімен кездесті.

Жас тыңдаушылар алдында облыстық Достық үйінің мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Әсел Сванкулова, Ақмола облысы Өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Тәжубуви Медетова, «Ассамблея жастары» Ақмола облысы бойынша өкілдігінің орынбасары Фатима Қайыш сөз сөйледі.

Қонақтар аудиторияны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени және жастар бірлестіктерінің қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту, этностардың тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту, «Ассамблея жастары» жастар бастамаларын дамытуға қатысуы, қазақстандық жастардың әлеуметтік деңгейін арттыру жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Тыңдаушылардың назарына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қызметі туралы бейнефильм ұсынылды.