Жоғары техникалық колледж студенттерімен кездесу
А.ж. 7 сәуірінде «ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» жобасын жүзеге асыру аясында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттерімен кездесті.
Облыстық Достық үйінің мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы Асель Сванкулова облыстық ассамблея қызметінің негізгі бағыттары және «Қоғамдық келісім» КММ жұмысы жөнінде баяндама жасады. Достық үйі бүгінде ресурстық орталық ретінде этномәдени бірлестіктерге өз этносының ана тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау және дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуде әдістемелік, консультациялық көмек көрсетеді.
Ақмола облысы поляктар қоғамдық бірлестігінің өкілі Александр Маньковский балаларды өз ұйымының қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Достық үйі жанындағы әртүрлі жастағы адамдарға ана тілін оқытатын поляк тілі курсы өткізіліп жатқанын да айтып кетті.
ҚХА-ның «Ассамблея жастары» облыстық ұйымның мүшесі, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Қайыш Фатима жастар қозғалысының қызметі туралы баяндап, студенттерді оның қатарына қосылуға шақырды.
Студеттерге Достық үйі туралы бейнефильм көрсетілді.