Көрісу мерекесі
Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ұжымы қазақ халқының «Көрісу» салтын» атап өтті.
14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні дәстүр бойынша адамдар ұйқыдан ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Баршаларыңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!