ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсету

 

 

1995 жылдың 1 наурызында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен этносаралық қатынастарды үйлестіру қоғамдық институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2016 жылдан бері барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық және махаббат мерекесі, алғыс айту күні ретінде атап өтіледі.

 

Алғыс айту күні бір-біріне игі істері, көрсеткен мейірімділігі, достарының, әріптестерінің қолдау көрсеткені үшін бір сөзбен айтқанда сені қоршаған адамдарға көп рахмет айту керек.

Аталған іс-шарада орыстар, ингуштар, әзірбайжан және басқа да этнос өкілдері қазақ халқы мен жалпы барлық адамзатқа бүгінгі күн үшін алғыстарын білдірді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын шұғыл операцияға мұқтаж Пермякова Ираида Антоновна көрсеткен баға жетпес көмегі үшін Болат Сүлейменұлы Жанәділовке алғысын білдірді.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Т. Төлеғұл, ҚХАА мүшесі Б.С. Жанадилов және басқада дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған жылдардан бергі жұмысы туралы жастармен бөлісті, бүгінгі мерекенің артында Ассамблея өз шаңырағының астында біріктірген және достасқан Қазақстанда тұратын барлық этностардың тарихы мен тағдыры тұрғанын атап өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Б.Нұғыманов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ардагерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Кездесуде ҚХА құрылуының бастауында тұрған жастарға өлеңдер мен әндер, алғыс сөздер айтылды.