Қайырымдылық акциясы
Төтенше жағдай кезеңінде Ақмола облысында адамдар мен көлікті тексеру, сондай-ақ стратегиялық объектілерді бақылау үшін әрекет ететін блокпосттар орнатылды. Көкшетау қаласынан шығатын жолдарда сегіз блокпост қойылып, онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Бұл күндері оларға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері шығып, полицейлерге ыстық тамақ пен азық-түлік таратты. Қайырымдылық акциясы елдегі жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.