Қазақстанда 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
«Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай кезеңінде (2022 жылғы 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін) азаматтардың көшелерде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Көптеген аймақтарда ол 23:00-ден 7:00-ге дейін жұмыс істейді.