Романс кеші
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында “Қоғамдық келісім” КММ-де “Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы”Ақмола филиалының ұйымдастыруымен романс кеші өтті.
Романс-қоғамдық бірлестіктегі вокалды топ мүшелерінің сүйікті музыкалық жанрларының бірі. Аталған іс-шараға Лаубаева, Татьяна Кулыгина, Оля Юрикова, Олеся Цыганова, Сәбит Шағатов, Анастасия Ушакова, Венера Хан деген жетекші солистер қатысты.
Олардың орындауында кеңес және орыс ақындары Е.Евтушенко, Б. Окуджава, Р. Рождественский, М. Танич және М. Гурциевтің өлеңдеріне жазылған көне және заманауи романстар шырқалды.
Жүргізушісі Наталья Змалоцких қатысушылардың әр қойылымынан бұрын романстың пайда болу тарихы туралы айтты,одан кейін көрермендер мәтіннің мазмұнын және оның орындалуын тереңірек қабылдады. Зал әртістерді қолдап, олардың өнерін қошеметпен қарсы алды. Өз кезегінде көркемөнерпаздар әртістері де көрерменді тәнті етті, жанқиярлықпен, зор шабытпен ән шырқады.