Жастармен кездесу
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Әңгімеге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Г. Дементьева мен В. Г. Нәбиев қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі таңда этномәдени бірлестіктердің жастарын не толғандыратыны, Қазақстан халқы Ассамблеясы алдында тұрған міндеттерді шешуде олардың қоғамдық белсенділігін қалай көтеру керектігі туралы еркін әңгіме өткізді. Жұмырбаев жастар проблемаларын талқылау үшін қоғамдық платформа құруды ұсынды, онда жастар ҚХА жастар қозғалысының қызметі мен дамуы мәселелері бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын еркін білдіре алады.
Қонақтар сөз сөйлегеннен кейін ҚХАА жанындағы «Жанғыру жолы» жастар бірлестігінің мүшелері әңгімеге кірісті. Сонымен, Вебер Владислав пікірлестердің өзара іс-қимылы мен тығыз қарым-қатынасы үшін әлеуметтік желілерде өзінің чатын құруды ұсынды, Солопова Алена қатысушылардың назарын спортты дамытуға және жас спортшыларды қолдауға аударды, Абуталипов Аслан жас ғалымдардың жобаларын қолдау үшін тәлімгерлік кеңесін құру туралы айтты, Ал Сановец Эдуард жастардың зияткерлік, шығармашылық дамуы үшін компьютерлік квест ойынын қолдануды ұсынды. Дөңгелек үстелдегі әңгіме әлеуметтік желілердегі жас адамның психикасын бұзатын жағымсыз құбылыстарға қарсы іс-қимыл шаралары туралы болды.
Кездесуді қорытындылай келе, модератор ҚХА жастар бірлестігінің миссиясы оның әрбір мүшесін жасампаз, әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту, оны әлеуметтік белсенді адам ету екенін атап өтті.