Егер адамдар дос болса – тілдер де дос болады
А. ж. 21 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ интеркультурализм шеңберінде Чуваш этномәдени орталығының ұйымдастыруымен «Жүз мың әннің өлкесі» атты зияткерлік викторинасы өткізілді.
Іс-шараға чуваштар, орыстар, татарлар, қазақтар қатысты. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеу, өзге этностардың тілдеріне деген қызығушылықты қалыптастыру.
Қатысушылар қазақ, орыс, чуваш тілдерінде викторина сұрақтарына кезек-кезек жауап бере отырып, Қазақстан халқының тілдерінде сөйледі.
Викторинаның арқасында қатысушылар чуваш этносының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты, чуваш, қазақ және татар тілдерінің ұқсастығын анықтады, өйткені олардың барлығы түркі тілдер тобына жатады.